Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жұмысын қайта бастады

261

Сол Талғар шатқалы, Іле Алатауы. Фото: Досжан Балабекұлы / kazgazeta.kz

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жұмысын қайта бастады. Бұл туралы парктің фейсбук парақшасы хабарлады. 

Хабраламада, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 шешімінің 13-3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес барлық санитарлық нормалардың сақталуы туралы хабарлаймыз,-делінген.

Хабрлама мәтініде:

1. Ұлттық парк аумағына кірген кезде, бақылау бекеттерінде келушілер көп болған кезде әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтау қажет;

2. Жеке қорғану құралдары жоқ адамдар (маскалар, антисептиктер) саябақ аумағына кіре алмайды;

3. Жаппай іс-шаралар, топтық мерекелер ұйымдастыруға жол берілмейді (демалысқа келгендер бір отбасы мүшелері болған жағдайларды қоспағанда);

4. Радон бұлағында, Проходная шатқалында жаппай толып кетпес үшін, сіздерден қашықтықты және барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз;

5. ҮАК — не апаратын жол белгісіз мерзімге қалпына келтіру үшін жабық, жаяу жүргіншілерге рұқсат етіледі.

Сіздерден жоғарыда аталған талаптардың бәрін түсініп, COVID-19 алдын-алу бойынша барлық санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауларыңызды сұраймыз.

Дайындаған: Досжан Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *