Ақпарат кеңістігінде жаңа сайт: Photooner.kz

524

Бүгін республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің Photooner.kz сайты оқырманмен қайта қауышты. Біршама жыл тоқтап тұрған сайт, техникалық жөңдеуден кейін, жаңа айдарларымен толыққан. Ұлтттық мүддені биік санайтын бірлестік сайтынан, тың суреттерді де тауып қаласыз. Сондықтан, қазақ фотоөнеріндегі жаңалықтарды білгісі келген оқырман мен елідегі осы сала қызметкерлері үшін де сайттың берері көп.

Асылхан Әбдірайымұлы,

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

-«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылу мақсаты:  Қазақстандағы фотография саласын дамыту болып табылады. Сондықтан қайта техникалық жөндеуден өткен photooner.kz сайты жаңа айдарларымен қауышып отыр. Мысалы, «Фотоқазына» айдарында «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері», «Қазақ фотошежірешілері» және «Ғасырдың көзі» атты фотоэнциклопедияларының  тарихи суреттерін ұсынады. Ал, «Суреттер сөйлейді» айдары бойынша әртүрлі фотожанрлардың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен қатар оларды іс-жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы шеберлік сабақтары арқылы  үйренуге мүмкіндік бар. Бұл тұрғыда «Шеберлік сағаты» айдары бір бірін толықтырады.

«Фотоөнер кітапханасы» айдары болса, сіздерге фотоальбомдар,оқулықтар,магистрлік,бакалавр дипломдық жұмыстарымен танысып, болашақта ғылыми зертеулер жүргізіп,докторлық диссертациялар жазуға жол ашады. Авторлық құқық пен кәсіби әдепті біле жүру де,көптеген келеңсіздіктерден сізді қорғайтыны сөзсіз. Ақпараттар ағымындағы маңызды фотожаңалықтар, жаңа фототехникалар, фотобәйгелермен дер кезінде, құлағдар болып отыру — заман талабы.

Бүгінгі күні, еліміздегі жалғыз ғана фотография саласындағы қазақ тілді қоғамдық бірлестіктің сайты болғандықтан сіздердің жанашырлық танытып,саналы да сапалы, мәнді де мағыналы дүниелер жариялануына,бізбен  бірге атсалысуларыңызды сұраймын.

Айта кетейік, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі — коммерциялық емес ұйым. Бірлестік 2010 жылы республикалық БАҚ-тың белгілі, кәсіби фотожурналистері мен фотосуретшілерінің бастамасымен Алматы қаласында құрылған. Бірлестіктің құрылу мақсаты болып: Қазақстандағы фотосурет саласының халықаралық деңгейде дамуына үлес қосу, жас мамандарға  қолдау көрсету, фотомұрағатты бүгінгі заманға сай ҚР-ның қолданыстағы заңдарына сәйкес жүйеге келтіру.  Фотоальбомдар шығару, фотокөрмелер, фотоконкурстар өткізу, студиялар ашу. Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу.Съезд, конференция, форум, фотожәрмеңке және де басқа шараларға қатысу, ұйымдастыру.

 Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *