Басынан бұлт арылмаған-Суықтөбе шыңы

548

Алматы облысына қарасты, Жамбыл ауданында көпке танымал Суықтөбе деп аталып кеткен шың бар. Шың деуге де аса келе бермейді, бірақ Жетіжол жотасының ең биік нүктесі болғандықтан солай атаған болар. Негізі, жаяу көтірілу көп уақытты алады, әйтпегенде шың күрделі санатқа жатпайды. Теңіз деңгейінен биікті 3268 м. Оның бір ерекшелігі үнемі басынан бұлт арылмаған. Одан кейін төбесінде ызғырық жел соғып тұрады. Мүмкін, шынның Суықтөбе аталуы содан шықса керек. 

Суықтөбе шыңының төбесі. Досжан Балабекұлы / kazgazeta.kz

Естеріңізде болар, біз осыған дейін де Суықтөбе туралы фотоматериал әзірлеген болатынбыз. Наурыз айындағы фотосаяхат сіздерге ұнаған болар. Дегенмен, ол кезде біз шыңның алғашқы биігінен қайтқан едік. Бұл жолы нақты биікке көтерілдік. Табиғаты керемет, өзіндік флорасы бар. Осы көтерілудің тағы бір ерекшелігі, біз Аралтөбе жайлауына жетіп, Терісбұтаақ сайы арқылы көтерілдік. Шыңға шығу жолы тік және ұзақ болғандықтан, биігіне кешкі уақытта бірақ жеттік. Ал шыңның үстіңгі беті үстіртке ұласады. Шың деп те ойламайсың. Табиғаттың қызық жарытылысы-ай, десеңізші…

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Жамбыл ауданы, Алматы облысы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *