Мемлекеттік шекараны дронмен күзетеміз бе?

252

Қазақстанда мемлекеттік шекараны ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы күзетуге рұқсат берілуі мүмкін. Мәжіліс тиісті өзгерістер енгізілген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында шекара қызметіне мемлекеттік шекараны күзету үшін пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануға рұқсат беру қарастырылған. ⠀
«Шекара қызметі пилотсыз ұшу аппараттарын жағалауды, шекарада құқық бұзушыларды, көліктерді бақылау және анықтау үшін қолданады. Мысалы, наряд мемлекеттік шекараны күзетуде пилотсыз ұшу аппараттарын адам немесе көлік бара алмайтын жерлерде, таулы асулар, аңғарлар мен тау жолдарын бақылауда пайдаланады», — деді мәжілісмен Құдайберген Ержан.

Айтуынша, пилотсыз ұшу аппараттарын басқару үшін білікті мамандар Ресейде даярланды. Оқу процесі одан әрі жалғасын табады. ⠀
Депутат шекара қызметі үшін ұшақ типті 15 және квадрокоптер типті 90 пилотсыз ұшу аппаратын сатып алу жоспарланып отырғанын айтты. ⠀
Мәжіліс заң жобасын бірауыздан мақұлдады. ⠀




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *