Еліміздің 5 өңірінде жедел жәрдем шақырту көбейді

331

Жедел жәрдем бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетеді

Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Биылғы 5 айдың ішінде жедел көмек бригадалары 3 миллионнан аса шақыртуға қызмет көрсетті. Жалпы республика бойынша жедел медициналық көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетіп жатыр. Бірақ маусым айында шақырту 10 пайызға өсті. Соның ішінде 15-22 маусым аралығында айтарлықтай өсім болды, тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетілді», — деді Бауыржан Жүсіпов.

Айтуынша, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында шақырту көбейген.

«Осыған байланысты жедел көмек бригадасының шақырту орнына орташа жету уақыты 12-13 минутқа артқаны байқалады», — деді ол.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *