Алматыда Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынуда

443

Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасында эстрада жұлдызы — Димаш Құдайбергенов бейнеленген мурал салынуда. 

Димаш Құдайберген бейнеленген алып картина Қабанбай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қилысында орналасқан үйлердің бірінің қабырғасына салынды. Жұмыс ертең толығымен аяқталады. Авторы — Алматының 26 жастағы тұрғыны Батыр Сәдуақасов.

Батыр Сәдуақасов, суретші:

-Мен референсті ұзақ таңдадым. Жүзінде екі қарама-қайшы түстің үйлескен фотосын іздедім. Мысалға, жасыл мен қызғылт, екеуі қарама-қайшы болса да, үйлесіп, беті көрініп тұратындай. Эмульция, аэрозоль баллонын пайдаланып, әдемі қылып салғым келеді. Бұл тапсырыс емес, мұны өнерге деген құрметім үшін жасаудамы.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *