Елімізде жыл басынан автокөлікпен 5,3 млн жолаушы тасымалданды

105

Төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстан 5 мемлекетпен 117 тұрақты автобус бағытын тоқтатып, 4 елдің шекарасындағы жеке автомобиль өткізетін 20 пункт уақытша жабылды.

Биылғы жыл басынан автомобиль көлігі саласында республика ішінде 5,3 млн жолаушы, 675,3 млн тонна жүк тасымалданған. Ал халықаралық қатынаста 2,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның ішінде: экспорт – 640 мың тонна, импорт — 1,7 млн тонна болды. Сонымен қатар, 380 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды. «2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады. Осыны көздейтін заң жобасы қазіргі кезде Мәжілістің қарауында. Бүгінде автомобиль тасымалдары саласында 3,5 мыңға жуық кәсіпорын жүк тасымалдаумен айналысады. 1 мыңға тарта кәсіпорын тұрақты автобус тасымалдарын жүзеге асырады. Олардың 17,5 мыңнан астам автокөлігі бар», — делінген ақпаратта. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әлемде COVID-2019 инфекциясының таралуына және елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жыл басынан қабылдаған шаралары:

— Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен 117 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды; — халықаралық тұрақты емес және транзиттік жолаушылар тасымалына тыйым салынады;

— карантин енгізілген өңірлерге/өңірлерден жолаушыларды облысаралық және қалааралық тасымалдау тоқтатылды; — карантин енгізілген аймақтарда автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылды;

— облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктеріне төтенше жағдай режимі кезеңінде өңірлерде автокөлікпен жолаушылар тасымалдауды шектеу бойынша ұсынымдар жолданды;

— шет мемлекеттердің құзыретті көлік органдарына халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде санитарлық іс-шараларды сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар жіберілді;

— Қытаймен, Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы 20 жеке автомобиль өткізу пункті уақытша жабылды. Ал халықаралық және республикаішілік қатынаста жүк автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға шектеулер енгізілмегенін айта кету керек. Қазіргі уақытта бағдарлардың қысқаруына немесе тоқтатылуына байланысты қазақстандық автобус тасымалдаушыларының ахуалына сараптамалық бағалау жүргізіліп, саланы қолдауға қатысты ұсынылатын шаралар қарастырылып жатыр.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *