Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

188

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор. Қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге табыс және бақ-береке тілеймін!»,- деп жазды ҚР Президенті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған қарай, 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *