Голливуд коронавирус туралы кино түсіреді

238

Голливудтың SK Global Entertainment компаниясы жаңа фильмнің жұмысын бастады.Оның сюжеті Қытайда коронавирустың таралуының алғашқы апталарында және дәрігерлердің өлімге әкелетін белгісіз вирусына тап болған кездің айналасында болмақ. “Үңгірден Уханьға вирустың қалай пайда болғандығы туралы сұраққа көп ұзамай жауап таба алмаймыз. Бұл пандемия туралы триллерден гөрі медициналық драма болады”, — деді  Чарльз Рандольф.

Кинорежиссерлер фильмді түсіруді Қытайда 2021 жылдың басында бастаймыз деп үміттенеді. Алайда бұл үшін биліктің рұқсаты қажет. «Біз бұл пандемия — саясаттандырылған мәселе екенін білеміз және біз онымен күресуіміз керек», — деді SK Global Entertainment басшыларының бірі.

Рандольф қытайлық дәрігерлер мен медбикелердің жұмбақ аурумен қалай күрескеніне көңіл аударғысы келетінін айтты. «Құбыжықпен күресу — бұл басқа нәрсе. Қараңғыда құбыжықпен күресу мүлде басқа», — деді ол.

Фильмді түсіру үшін қанша қаражат жоспарланғаны туралы компания әзірге мәлімдемеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *