Аида Балаева: Маңызды бағыт – халыққа ақпаратты қолжетімді ету

51

Көпшілікке ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталын жасап, іске қосудамыз. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

«Маңызды бағыт – халыққа ақпаратты қолжетімді ету мәселесі. Бұл ретте, ақпарат бойынша заң жобасына бір бума өзгерістер дайындалып қойған болатын. Олардың негізгі көздеген міндеттері: мемлекеттік органдардың осы бағыттағы құзыретін;-азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігі туралы Президентке есеп беру мәселесін; әрбір мемлекеттік органда осы бағытқа жауапты қызметкерді тағайындау мәселесін және басқа да өзекті шараларды заң жүзінде бекіту», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында. Оның сөзіне қарағанда, халықты шешім қабылдау үрдістеріне тарту үшін ведомство әкімдіктің ашық моделін жасады. Қазірдің өзінде мемлекеттік органдарға қарасты көптеген мекемелер осындай модельмен жұмыс жасап отыр. Мәселен, 100-ден аса ұйымдар «Ашық диалог» порталында бірінші басшыларының блогын ашты. Сөйтіп, порталда көптеген ашық мәліметтер жариялана бастады. «Тағы бір атап өтетін жайт — қазір біз жалпақ елге ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталын жасап, іске қосудамыз. Бұл жерде Үкімет пен жергілікті органдар жүзеге асырып жатқан барлық бағдарламалармен түсінікті әрі қолжетімді түрде танысуға болады. Ол да болса ел-жұрттың мемлекет пен қоғамның маңызды мәселелеріне тікелей араласып, түбінде азаматтық қоғамның өркениетті де өскен ортасын қалыптастыруға қосылған үлкен үлес деп білемін», — деді А. Балаева.

http://inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *