201 күн бұрын дүниежүзі алғаш рет COVID-19 жайлы естіді

145

Қытайдың Ухань қаласынан осыдан тура 201 күн бұрын коронавирус індеті анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 111 күн бұрын COVID-19 инфекциясын індет деп жариялады.

Coronavirus-monitor.ru сайтының ресми мәліметі бойынша қазіргі уақытта дүниежүзіндегі вирус жұқтырған адамдардың саны 10 миллионнан асқан.

Індеттен 5 520 906 адам жазылып шықса, 504 864 науқас көз жұмған. Соңғы 1 тәуліктің ішінде жер шарында 500 мыңнан астам адамның қауіпті індеткен шалдыққаны белгілі болды.

COVID-19 белгілері ең көп анықталған елдердің көшін АҚШ бастап тұр.

АҚШ — 2 637 077

Бразилия — 1 345 254

Ресей Федерациясы — 634 507 адам.

Қазақстандағы коронавирусқа байланысты жағдай да шиеленісіп тұр. Карантиндік шаралардың күшейтіліп, билік өкілдерінің ескертулеріне қарамастан, елімізде вирус жұқтырғандар саны күн санап артуда. Мамандар халықты жеке сақтық шараларын сақтауға шақыруда.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *