Елімізде корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін

36

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жедел жәрдем шақыру жиілігінің артуына байланысты корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

«Халықты тестпен барынша қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем бригадалары шақырылған жерге барып, тест алады. Әр өңірде COVID-2019 бойынша халықты тестпен қамту үшін эпидемиологиялық ахуалға байланысты талаптарды айқындау көзделіп отыр», — деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта халық тарапынан жедел жәрдем қызметіне арыз-шағым көбейіп кеткен.

«Жалпы Қазақстанда жедел жәрдем шақыру жиілігі 1,8 есе артып кетті. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіпті 2-2,5 жарым есе көбейген. Бригадалар мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеу мәселесі өте өзекті болып тұр. Бүгінге дейін отандық өндірістегі 807 автокөлікті сатып алу туралы келісімге қол жетті. Сонымен бірге медициналық емес ұйымдардың көлігінің көмегімен корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ұсыныстар ведомтствоаралық комиссияның қарауына берілді. Қолдауға ие болар деген үміттемін», — деді ол.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *