ҚПЛ-дың үшінші турының кестесі

133

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы (PFLK) Премьер-лиганың үшінші турындағы барлық матчтардың кестесін жариялады.

Барлық матчтар 1 шілдеде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де: «Тобыл» — «Каспий», «Қайрат» — «Жетісу» және «Қызыл Жар» — «Оқжетпес» кездесулері басталады. Сағат 20:00-де «Ордабасы» — «Шахтер» және «Қайсар» — «Тараз» матчтары өтеді.

Үшінші турға «Астана» қатыспайды. «Ертіс» командасы маусымды жалғастырудан бас тартқаннан кейін чемпионатта командалар саны тақ болып қалды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *