Алматы қаласының карантинге жабылатыны туралы ақпарат жалған — әкімдік

45

Елімізде ірі мегаполистер мен қалалардың карантинге жабылатыны туралы ақпаратты Алматы әкімдігі жоққа шығарды.

Айта кетейік, коронавирустың алдын алу мақсатында карантиндік шаралардың күшейтілетіні туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарап жатыр.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ағымдағы жылдың 30 маусымы сағат 00:01-ден бастап белгіленбеген мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпараттың тарауына байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді», — делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматыдағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия қаланың ресми дерек көздерінде жарияланған ақпаратты ғана қолдануға шақырады. Сонымен бірге, жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз деп ескертті әкімдік.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *