Елорда күні онлайн тойлана ма?

124

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Кейбіреулері тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.

Мерекелік шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады деп күтілуде. Оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» нысаны, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы және басқа да әлеуметтік кешендердің ашылуы болады.

Әкімдіктің мәліметінше, оған қатысатын адамдар саны шектеледі. Сонымен қатар, үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады деп жоспарланып отыр. Онда қатысушылардан санитарлық нормаларды қатаң сақтау талап етілмек. Тұрғындар бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *