Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

91
Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Ресейдің жаңа тарихындағы бұл маңызды оқиға елді одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілікті, егемендікті және экономикалық өсімді қорғаудың берік негізін қалағанын айтты. Сондай-ақ халықтың Ресей көшбасшысына жоғары деңгейде қолдау көрсеткенін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен дер кезінде шешім қабылдағаны үшін ризашылық білдірді.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *