Парацетамолдың орнына қолдануға болатын 33 түрлі дәрі жайлы білесіз бе?

262

Нұр-Сұлтанда дәріханаларға 70 мың қаптама парацетамол таратылған. Тұрғындар бұл препаратты жарты сағаттың ішінде түгел сатып алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Кеше Нұр-Сұлтанда 70 мың пациентке жететін 70 мың қаптама парацетамол бөлшек сатылымдағы дәріханаларға жеткізілді. Тұрғындар жарты сағатта бұл препараттарды сатып алды. Қазір интернетте бұл препараттарды үстіне ақша қосып сатылып жатыр. Құзыретті органдар мұндай фактілерді тексереді. Қалада парацетамол керек дейтіндей осыншама пациент жоқ. Сондықтан бұл препараттарды алыпсатарлар әдейі бірден сатып алады да, дефицитті қолдан жасайды. Я болмаса адамдар дене қызуы көтерілмесе де, қажеттілік болмаса да, осы дәріні көптеп сатып алып қояды», — деп түсіндірді ол ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ министр парацетамол деген атауға «қатып қалмай», оның орнына құрамында парацетамолы бар 33-ке тарта дәріні алуға болатынын атап өтті. Бұл препараттар да дене қызуын түсіре алады.

«Бізде құрамында парацетамолы бар 33-ке жуық дәрілік препарат бар. Нарықта, яғни дәріханаларда бұл препараттар сатылып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желілерден «парацетамол» дегенді көріп алып, соны сұрайды. Ал негізінде оның орнына ішуге болатын басқа дәрілер де бар», — деді министр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *