Ким Чен ЫН коронавирусқа байланысты ресми мәлімдеме жасады

333

КХДР көшбасшысы Ким Чен ЫН Еңбек партиясы саяси бюро отырсында Солтүстік Корея елге коронавирус инфекциясының енуіне қалай жол бермегенін айтты.

Ким Чен Ын КХДР Еңбек партиясы Орталық Комитетінің Саяси бюросының кеңейтілген отырысына қатысты. Оның айтуынша, КХДР-да COVID-19 болмау себебі – еңбек партиясының басшылық қабілетінің көрегендігі және бүкіл халықтың жоғары саналық бірлігінің арқасы.

«Біз қатерлі вирустың біздің аумаққа енуіне 100% тосқауыл қойып, эпидемияға қарсы тұрақты жағдайды сақтап отырмыз. Алты ай бойы үлкен жұмыс атқарылды. Қаңтар айының соңында елімізде шекаралар жабылды, мектептерде сабақ тоқтатылды, сондай-ақ жалпыұлттық карантин енгізілді»,-деді КХДР көшбасшысы.

Солтүстік Корея көшбасшысы сондай-ақ «азғана күйзеліссіз немесе босаңсусыз» қырағылықты сақтау қажеттігін атап өтті, себебі әлем SARS-CoV-2 таралуының екінші толқынына тап болуы мүмкін.

Кореяның орталық телеграф агенттігі хабарлағандай, КХДР-да коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *