Мария Агапова: «Армандар орындалады»

486

Әлемнің ең үздік промоушені UFC-де өнер көрсететін тұңғыш қазақстандық қыз Мария Агапова барша отандастарына мұхиттың арғы жағынан сәлем жолдады. Аралас жекпе-жектен UFC-дегі алғашқы дебюттық кездесуінде қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген Мария өзінің келесі жарысына дайындалуда. Ол әлеуметтік желі арқылы еліміздің барлық спортшыларына қолдау білдірді.

«Менің атым Мария. Мен Павлодар қаласынанмын. Қазір мен «American Top Team» әлемнің ең үздік жаттығу залында тәжірибе жинап, дайындығымды шыңдаудамын. Достар армандар орындалады! Бәрі де шынайы, бәрі мүмкін. Жүректеріңіздегі жалын сөнбесін! Тек өзіңе сеніп, еңбектену керек. Баршаларыңызға жалынды сәлем жолдаймын. Біздің барлық спортшыларымызға сәттілік тілеймін!»- деді Мария Агапова.

Марияның келесі жекпе-жегі 23 тамызда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған. Қазақстандық спортшыға Шана Добсон қарсылас атанады.

Бексұлтан Нұрланұлы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *