Грузия Қазақстанға 10 жасанды тыныс алдыру аппаратын жіберді

395

Бүгін Тбилисиден Алматыға гуманитарлық жүк келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіне қызметі хабарлайды.

«Бүгін Тбилисиден Алматыға «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді. Қазақстан СІМ достас Грузия халқына коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді», — делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *