Алматыда Елорда күніне орай жаңа өндірістік цехтар ашылады

172

Астана күнін мерекелеу қарсаңында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС зауыттары туралы сөз болып отыр.

 “Масло-Дел” ЖШС

 “Папироне” ЖШС

“Дор-Хан-Алматы” ЖШС

 “Солнечный сүт зауыты” ЖШС

«Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан 30 мың тонна өнімге дейін артады.

Сонымен қатар, үш қабатты дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, қағаз майлықтарды шығаратын «Папирон» ЖШС жаңа цехының құрылысы, металл өңдеу, жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпалар мен жапқыштар өндіретін  «Дор-хан-Алматы» ЖШС кешенінің құрылысы және «Солнечный» сүт зауытын жаңғырту жұмыстары  және өнім түрлерін кеңейту үшін қосымша жабдықтар алу сынды қосымша жұмыстар жүргізілді.

Өндірістік цехтарды салу және кеңейту жұмыстары “Алматы-2050” стратегиясының “шетсіз қала” бағыты аясында қалада полиорталықты (көпорталықты) дамыту мақсатында орындалды. “Шетсіз қалада” әрбір ауданда бірегей мүмкіндіктер және дамыған өндірістік салалар болады, сол үшін жаңа нысандар салынбақ.

Жаңа өндіріс орындары ішкі нарықты отандық тауарлармен қанықтыруда айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, түрлі салалар бойынша отандық өнім өндіріс көлемінің  кеңеюі күтілуде. Бұл импортты алмастыруға ғана емес, сонымен бірге экспорттық әлеуеттің кеңеюіне де ықпал етеді.

Жалпы, Алматыда өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және бизнес үшін қолайлы орта жасау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *