Мәскеуден Алматыға COVID-19-пен күреске бір топ мамандар келді

413

Бауырлас қалалардың ынтымақтастығы туралы келісім-шарт шеңберінде Мәскеуден Алматыға COVID-19-пен күреске көмек көрсету үшін бір топ мамандар келді. Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Мәскеуден келген топтың құрамында денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары, инфекционист, эпидемиолог, анестезиолог, ревматологтар мен пульмонологтар бар.

Мамандардың бір тобы инфекциялық стационарлардың жұмысын, ауыр науқастардың емделу хаттамалары және пациенттерді орналастыру жұмыстарын бағалайды. Қалған топ қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыру мәселелерін, барлық деңгейдегі КВИ-ден емделушілерге медициналық қызметтің көрсетілу деңгейіне мән бермек. Ал зертханалық зерттеулер жүргізу, жаңа стационарларды ұйымдастыру және оттегі газдарымен емдеу мәселелері жеке пысықталады. Сондай-ақ Моссанэпидқадағалаудың эпидемиологтары алматылық әріптестерімен пікір алмасып, кеңес береді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *