Шу ауданында есірткі жинаған екі адам ұсталды

184

Түркістан облысының тұрғындары Шу ауданында есірткі жинау барысында ұсталды.

“Қарасора – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Шу қаласына 100 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта есірткі затын жинау кезінде екі адам құрықталды.

Олар: 61 және 45 жастағы Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғындары. 106 келіге жуық мариxуана есірткі заты жинау барысында анықталса, 12 келіден астам мариxуана күдіктінің біріне тиесілі “ВАЗ-2107” маркалы, мемлекеттік нөмірі Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктен табылып, жалпы салмағы – 118 келі 780 гр. мариxуана тәркіленді.

Сонымен қатар, олардан жабайы шөпті оруға арналған құрал тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *