Алматыда өкпені жасанды желдететін қанша аппарат бар?

325
Өкпені жасанды тыныс алдыратын аппараттардың қажетті қоры жасалды деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Баспасөз конференциясының барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда стационарлы ауруханаларда құралдардың қажетті резерві бар екенін хабарлады.
Бүгінгі таңда Алматыдағы барлық медициналық ұйымдарда шамамен 600 өкпені жасанды желдететін аппарат бар.
«ӨЖЖ аппараттарына қол жетімділік мәселесі бойынша бүгінгі таңда 25 аппарат жұмыс істеуде, қосымша 30 аппарат бар. Жақын арада тағы 70 ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша қажетті резерв қалыптастырылды, — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. — ӨЖЖ тапшылығы немесе жетіспеушілігі жоқ».



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *