Дəрі бағасы заңсыз көтерілгені анықталса, ұйым əкімшілік жауапкершілікке тартылады

152

Маңғыстау облысында төрт ірі фармкомпанияның қоймасы бар. Олар дәрілік заттарды орталықтағы фирмалардан тапсырыспен алады. Соңғы кездегі дәрі жетіспеушілігіне олардың еш кінәсі жоқ. Себебі, орталықтағы компаниялардың қоймасында дәрі жетіспеушілігі байқалған.
Бүгін яғни 6-шілде күні «ЭМИТИ Интернешнл» ЖШС Ақтау қаласындағы филиалына, «Медсервис Плюс» ЖСШ филиалына және «Инкар-Актау» ЖШС, әрқайсысына көлемі 90 м/куб бір фура көліктерімен дәрілік заттар келді. Енді оларды қойма қызметкерлері қабылдап (арнайы бағдарламаға тіркеп), ары қарай дәріханаларға таратып береді. Бұл процесс бір күндік уақытты алады.
Азаматтардың дәрілік заттарға қолжетімділігін арттыру мақсатында келген дәрілер ертең (07.07.2020 жылы) облыс дәріханаларына бөлініп беріледі.
«АДА Фарм-Актау» ЖШС келген дәрілік заттарды өз дәріханалар желісіне таратуда. Облыс аймағында 22 дәріханасы жұмыс істейді.
10 шілде күні «Медсервис Плюс» ЖСШ филиалына тағы бір фура дәрілік заттар келеді деп күтілуде. Аптаның аяғына дейін дәріханалар керекті дәрі-дәрмектермен барынша қамтамасыз етіледі, — деді брифинг спикері Ринат Кубатаев.

Қазақстан территориясында тіркелген дәрі-дәрмектердің бағасы реттеліп, шектеулі бағалары бекітілген. Дәрілік заттардың бағаларын, ақпаратты тексеруге арналған Дәрі-KZ мобильді қосымшасынан білуге болады. Дәрі-дәрмектердің бөлшек сатуымен айналысатын ұйымдар шектеулі бағадан асырмай сатуы тиіс. Алайда, дәрі-дәрмектер тапшылығын пайдаланып бағаны шарықтатып отырған кәсіпкерлер де жоқ емес. Бекітілген ереже сақталмаған жағдайда, яғни дәрі бағасы заңсыз көтерілгені анықталса, ұйым, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Облыс әкімдігі жанында құрылған КОЛЛ-орталығына 30-11-77 номеріне хабарласуға болады.
Департамент мамандары заңға сәйкес дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағаларын телефон арқылы бақылап отырады. Әсіресе рецепт арқылы босатылатын дәрілер қатаң қадағалауда болады.
30 маусымда Маңғыстау облысы Әкімшілігі, Маңғыстау облысы провизорлар мен фармацевтер қауымдастығы және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі арасындағы дәрілік заттарға қажеттіліктің өсуіне қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМға қол қойылды. Дәріханаларда бір адамға берілетін дәрі-дәрмектердің көлемін шектеу мақсатында Маңғыстау облысындағы дәріханаларға Департамент мамандары телефон арқылы хабарласып, ескертілуде. Дәрі-дәрмек тапшылығын тұрақтандыру мақсатында төтенше жағдайлардың салдарынан өлкемізге дәрілік заттар бір реттік кіргізу үшін келісімдер жүргізілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *