22 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласына тартылған инвестиция көлемі 47 есе өскен

797

лордаға 1997 жылы 19,3 млрд теңге инвестиция бағытталған. Ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 913 млрд теңгеге дейін жеткен. Осылайша 22 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласына тартылған инвестиция көлемі 47 есе өскен. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің сайтында жазылды.

Сондай-ақ, қалаға салынған мемлекеттік инвестиция 3 есе артығымен қазынаға қайтарылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда 2,8 трлн теңгеге 200-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Оған қоса, 1997 жылдан бастап 2018 жылға дейін елордада 24 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені анықталды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *