Qazsport телеарнасы Жалғас Жұмағұловтың UFC 251 турниріндегі жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

489

Жалғас Жұмағұлов шілденің 11-12 не қараған түні әлемнің үздік ұйымында  өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Жекпе-жек UFC 251 турнирі аясында жоспарланған.

Іс-шараны Абу-Дабидегі Fight Island қабылдайды.

Қазақстандық спортшы қазіргі уақытта жауынгерлер аралына жетіп,  міндетті карантинде жатыр. Оның коронавирусқа тапсырған қанының сынамасынан ешқандай ауру белгілері анықталмаған. Жалғас Жұмағұлов алдағы уақытта өтетін салмақ өлшеу рәсімі мен баспасөз конференциясына дайындалуда.

Оның қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болады.

Qazsport телеарнасы  UFC 251 турнирін тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция таңертеңгі сағат 03: 55-те басталады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *