Семей қаласының әкімі коронавирустан айықты

225

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов коронавирустан айықты. Бұл туралы өзінің instagram парақшасында жазды. «COVID-19 анықтауға арналған соңғы тесттен кейін қатаң тәртіппен оқшауландым және дәрігерлердің талаптарын орындадым. Бұл шаралар денсаулығыма оң әсер етті, оны коронавирусты анықтауға арналған екінші тест көрсетті, ол теріс нәтиже берді», — деп жазды әкім.

Сондай-ақ ол бүгіннен бастап өз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *