Бердібек Сапарбаев: «Індеттің тезірек азаюы өзімізге байланысты»

418

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарды санитарлық нормаларды сақтап, сенімді ақпарат көзіне сенуге шақырды.

«Індеттің тезірек азаюы өзімізге байланысты. Әрқайсымыз өзіміздің, ағайын-туыстың денсаулығын ойлауымыз керек. Егер барлық талапты орындайтын болсақ, онда бұл індеттен тез құтыламыз. Бас дәрігердің кейінгі қаулысы толығымен орындалуы қажет. Зейнеткерлер, 65 жастан азаматтарға далаға шығуға болмайды. Сіздер үйде отыруларыңыз керек. Сіздерге тойға, құдалық, беташарға баруға болмайды. Ертең немереңізді ауыртып аласыз»,- деді Сапарбаев тұрғындарға.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *