Қасым-Жомарт Тоқаев: 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады

488

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жасаған телевизиялық үндеуінде осылай деп мәлімдеді.

Құрметті, отандастар!

Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптастан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті. Соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті бірқатар елдерде карантин талаптары қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде 2 апталық мерзімге карантиндік шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатындығы сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымрымыз үшін шешуші кезең болмақ.

Індетпен күрестің нәтижелі болуы ең алдымен барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне баланысты. Бұл өте қауіпті, батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде. Ашығын айту керек, денсаулық сақту жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ.

Дегенмен, мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді. Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді», — деді Мемлекет басшысы.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *