Ресейден Маңғыстауға  45 оттегі концентраты әкелінді

204

Бүгін таңда Ресейден Маңғыстау облысына деп тағы 45 оттегі концентраты келді.

Ел азаматтары Марат Оспановтар отбасы және Сергей Ворожейкиннің демеушілігімен арнайы алынған аппараттардың 30 — облыстық ауруханадағы провизорлық стационарға, 5 — Жаңаөзен қаласына, ал аудандарға екі-екеуден үйлестірілді.

Аталған құрылғыларды дәл қазір дәрігерлердің қолына тапсырып, қала, аудандарға жөнелтілді. Індетпен күресте елдің жанынан табылып, өз үлестері қосып жатқан жомарт жандарға облыс әкімдігінің атынан алғыс айтамыз!




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *