Сенат депутаттарының сайлауы: 1 орынға 5 үміткер

547

Сенат депутаттығына бөлінген 1 орынға 5 үміткерден келеді. Жалпы 94 кандидат ұсынылғаны белгілі болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті.

Оның сөзінше, биыл үміткерлердің басым бөлігін Алматы облысының өкілдері құраған. Олар алдағы науқанға 9 үміткер ұсыныпты.

«Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы қаласында — 7 адамнан ұсынылды. Ең азы – 4 үміткерден Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында ұсынылып отыр. Ұсыну тәртібіне келер болсақ, кандидаттардың 87 пайызы өзін-өзі ұсынушылар, ал 13 пайызын мәслихаттар ұсынған», – деді Берік Имашев.

Комиссия төрағасының айтуынша, ең жас үміткер – 30, ең егде үміткер – 69 жаста. Сондай-ақ, ол биыл әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатқандығын атап өтті. Ұсынылған үміткерлердің 19-ы – әйел адамдар.

Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Ол 23 шілдеге дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *