Қайта жабдықталған армениялық көлікті тіркеу жеңілдейді

308

Рөлі оңнан сол жаққа ауыстырылған не басқа бөліктері өзгертілген (газ баллон орнатылған, т.б.) армениялық автокөлікті уақытша тіркеу барысында машина иесі мамандандырылған ХҚКО-ға көлік құралы құрылымының қауіпсіздігін растайтын куәлік көрсетуі тиіс.

Бірақ “Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” 018/2011 ТР-ке сәйкес, тек Қазақстанда тіркелген автокөлікті ғана зертханада тексеріп, тиісті құжат беруге рұқсат етілген. Жергілікті мекемелердің шетелдік көлікке куәлік беруге құқығы жоқ.

Енді еліміздің ІІМ көлік құралдарын тіркеу ережелеріне өзгерту енгізетін бұйрық жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес машинаны ел аумағындағы сертификатталған зертхана тексерісінен өткізу үшін 17 саннан тұратын сәйкестендіру нөмірі жеткілікті. Ең бастысы, көлік дұрыс жабдықталу керек. Куәлік алу үшін Арменияға барудың қажеті жоқ болады




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *