ҰБТ бойынша құжаттарды қабылдау рәсімі 25 шілдеге дейін ұзартылды

126

ҰБТ бойынша құжаттарды қабылдау 25 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

«Биыл магистратураға тестілеу тамыз айында ұйымдастырылады. Ағылшын тілін игеру бойынша талаптарды сәл күшейттік. Осыны қоспағанда үлкен өзгерістер жоқ. Қазіргі уақытта бакалавриат және доктарантура бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бакалавриат бойынша ҰБТ аяқталды. Енді ҰБТ негізінде сертификаттармен күні кеше құжаттарды қабылдау рәсімі басталды. Осы рәсімді 25 шілдеге дейін создық», — дейді министр.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының көпшілігі қашықтықтан оқитын болды.

«Колледж, жоғары оқу орны студенттері көбінесе қашықтан оқу форматында оқитын болады. Кейбір мамандық бойынша тәжірибе, лабораториялық жұмыс және басқа да осындай дәстүрлі оқу режимі бойынша ұсыныстарды қабылдап, ондай мүмкіндікті береміз. Сондай-ақ, шалғайдағы ауыл-аймақтарда да колледжер бар. Эпидемиологиялық жағдай жақсы болса оларға дәстүрлі түрде сабақ беруге рұқсат етеміз», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *