Түлкібастық еріктілер орталық ауруханаға 210 дана оттегі балонын тарту етті

147

Бүгінде еліміз кең етек жайған қауіпті індетпен жүмыла күресуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Кәсіпкерлер мен еріктілер де атсалысып жатыр. Мәселен түлкібастық еріктілер жанашырлық танытып аудандағы ауруханаларға оттегі балондарын тегін жеткізуде.
Соңғы бір аптаның ішінде Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ауруханаға демеушілер мен ерікті тұрғындар есебінен 210 дана оттегі балондары жеткізілді. Сондай-ақ, ол балондардың оттегісі таусылған жағдайда Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетінен толтырып келу үшін аудан әкімдігі тарапынан автокөлік тәулік бойы қызмет етуде.
Алдағы күндері еріктілер тарапынан ауруханаға тыныс алу құрылғылары да жеткізілу жоспарлануда.

Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға беріп, бүгінде 17 көлікпен бригадалар үйлерінде сырқаттанып жатқан тұрғындарды үйме-үй аралап ем домдарын жасауда. Осылайша Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаман індеттің алдын алу мақсатында жүйелі шаралар іске асуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *