Елордада екі көше 18 шілдеге дейін жабылады

127

Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Д.Бабатайұлы көшесінде Алмалық көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 15-25 шілде аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. Сонымен қатар 15-18 шілде аралығында Дүйсенбаев көшесі бойынша Аспара көшесінен Герцен көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысын толық тоқтату жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *