Ақтау көшелеріне дертпен күресіп жатқан дәрігерлердің билборды ілінді

247

Ақтаудың орталық көшелеріне қауіпті індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлердің суреті бейнеленген билбордтар ілініп жатыр. «Біздің батырлар!» деп жазылған билбордта ақ халаттылардың суреті мен аты-жөні көрсетілген.

Аймақ басшылары уақытпен санаспай, өз антын адал атқарып жүрген дәрігерлерге құрметін осылайша жеткізуді жөн көріпті. Облыста 400-ден астам медицина қызметкері вирус жұқтырғандарды емдеуге жұмылдырылған.

Айлап ауруханада жүрген маман иелерін дәріптеуге бағытталған игі шара демеушілердің көмегімен жүзеге асты. Қазір орталық көшелерге 60-қа жуық билборд ілінді. Алдағы уақытта теңіз жағалауына да орналастыру көзделіп отыр. Барлығы 100 медицина қызметкерінің суреті ілінеді.

Нұрдәулет Қилыбай, қала әкімі:

Өздерінің жандарын шүберекке буып, өмірлерін тәуекелге қойып, осы індетпен арпалысып жатқан біздің ақ халатты жандарға жасаған акциямыз. Бұл жерде тек қана дәрігерлер емес, медбикелер,санитарлар, лаборатория қызметкерлері бар. Тіпті біздерде экстренно науқасты алып келген кезде өзінің қолына көтеріп, аурухана ішіне кіргізген полиция қызметкері де бар. Кейін өзі де осы аурумен ауырды. Бірақ қазір Құдайға шүкір, жазылып шықты. Сондықтан да сол кісілердің бәрінің еңбектері еленетін болады. Осы жерге ілінетін болады.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *