Алматының жедел жәрдем қызметінің қайтыс болған екі қызметкері марапатталды

373

Президенттің тапсырмасы бойынша Алматы әкімі Б. Сағынтаев медицина ұйымдарының COVID-19-дан қаза тапқан қызметкерлерінің туыстарына мемлекеттік  марапттарды тапсырды.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған, азаматтардың денсаулықтарын сақтауда жанқиярлықпен еңбек  етіп, қайтыс болған ЖМКҚ №2 қосалқы станциясының жүргізушісі Мырзахан Сейтқасымов пен ЖМКҚ-нің жүргізушісі Серік Байқұлов «Құрмет» орденімен  марапатталды. Марапаттар олардың туыстарына  табыс етілді.

Б. Сағынтаев марқұмдардың  жақындарына көңіл айтты және алматылықтардың атынан   қайтыс болғандардың  коронавирус инфекциясына қарсы күреске қосқан үлестері мен жанқиярлық еңбектері үшін алғыс білдірді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *