Бауыржан Исламханның «Әл-Айн» сапында алатын жалақысы белгілі болды

195

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның «Әл-Айн» клубымен қанша уақытқа келісімшарт жасағаны анықталды.

Жартылай қорғаушы БАӘ-не бір апта бұрын барды. Ол келе салысымен коронавирусқа тест тапсырып, карантинде жатты. Тесттің қорытындысы бойынша, Исламханнан вирус шыққан жоқ.

Қазіргі уақытта клуб пен футболшының агенті келіссөз жүргізіп жатыр. Исламхан «Әл-Айн» клубымен үш жылға келісімшарт жасауы мүмкін. Оның жылдық жалақысы 1,5 миллион доллар болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *