Аида Балаева: Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

70
Соңғы айларда біздің өміріміз күрт өзгерді.
Біз де өзгердік. Бүгінге дейін, көп мән берілмеген құндылықтар: денсаулық, жақындарымыздың амандығы, қарапайым қарым-қатынас ең басты әрі қымбат құндылықтар екенін өмір бізге тағы бір рет дәлелдеді.
Бұрын менталитетімізге сәйкес, күнделікті тіршілікте қарапайым дүние тәрізді болып есептелген кейбір әрекеттеріміз бүгінде ереже бұзушылық болып саналады. Яғни эпидемиологиялық ахуалды қадағалау үшін еңгізілген ережелер – қонаққа бару, адамдармен араластығымызды азайту, мерекелік және дәстүрлі шараларды атқару бағытында белгіленген жаңа ережелер талабын орындау қазір аса маңызды. Бірақ замана талаптары өзгерсе де – ізгілік, махаббат пен адамгершілік, достық пен келісім мәнгілік қымбат құндылықтарымыз болып қала береді.
Сіздерге ашық аспан, зор денсаулық, туыстарыңыз бен жақындарыңызға осынау қиын кезеңді абыроймен өткізуге күш жігер мен қажымас қайрат тілеймін.
Құрбан айт қабыл болсын!



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *