Әлемде соңғы тәулікте Covid-19 жұқтыру жағдайы 292,5 мыңға жетті

99

Covid-19 жұқтыру жағдайларының саны соңғы тәулікте рекордтық көрсеткішке, 292,5 мыңға жетті. Мұндай көрсеткішті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеді.

Күндіз 253,7 мың адам ауру жұқтыру жағдайы анықталды. Әлем бойнша коронавирус инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны 17,1 млн. Қауіпті вирустан 668 мың адам көз жұмған. Covid-19 пандемиясы басталғалы ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Солтүстік және Оңтүстік Америкада (9,1 млн адам) және Еуропада (3,3 млн адам) тіркелген. Әлемде ауру жұқтырғанджар саны бойынша үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия тұр. Мұнда 2 миллионнан астам адам коронавирус індетіне шалдыққан.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *