Бағдат Қожахметов жаңа қызметке тағайындалды

97

Бағдат Қожахметов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды.

«Жұмыстың алғашқы күнінде біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық орталығын құратын болып шештік. Біздің басты міндетіміз — бүгінгі күнге дейін жиналған барлық мәселелерді шешу үшін қоғаммен сапалы байланыс орнату», – дейді Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ресми өкілі.

Ол журналистерді, PR және маркетинг саласындағы әріптестерін жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.

«Бұл денсаулық сақтау жүйесінің проблемасы ғана емес, бұл – бүкіл қоғамның проблемасы. Еліміздің болашағы біздің дәрігерлерге бүгінгі індетті жеңуге қалай көмектесетінімізге байланысты», – дейді ол.

Бағдат Қожахметов бұған дейін «31 арнаны» басқарған, Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болған, сондай-ақ ҚР ІІМ Ақпарат және қоғаммен байланыс орталығын басқарған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *