Өрт дер кезінде сөндірілді

51
Бүгін сағат 11:07-де Шымкент қаласының Əл-Фараби ауданындағы Төлеби 11 үйінде орналасқан «Визит» ЖШС-не қарасты жалпы көлемі шамамен 2000 ш.м. қойма және жапсарласа соғылған бастырманың астында пластик бутылка жасауға арналған шикізаттар қоймасында өрт болды. Осыған орай оқиға орнында Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушысы, полковник Ерғали Бахаев брифинг берді.Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
— Шымкент қалалық Төтенше департаментіне 11:07-де өрт апаты хабар түсті. Тез арада оқиға орнына №2 шақыртумен 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды. Содан сағат 11:51-де өртті оқшаулап, 13:15 өрт толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі шамамен 800 ш.м құрады. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ, — деді Е.Бахаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда өрт не себепті шыққаны анықталуда.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *