Құнарлы ойдың қанаты Шәді ЖӘҢГІРҰЛЫ Жалқау жанның қолынан іс келмейді | Қазақ газеттері

Құнарлы ойдың қанаты Шәді ЖӘҢГІРҰЛЫ Жалқау жанның қолынан іс келмейді

Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ…

Болмайды көңілінде басқа талап,

Күн кешірмек болады өз ойынша,

Әйтеуір қызыл тілмен алдап-арбап.

Жалқау жанның қолынан іс келмейді,

Ал сонда бұл бйшара қайда бармақ?!

Бар ой, арманы сол антұрғанның:

Арына дос-жаранның ойран салмақ.

Пәлсініп, кісімсініп кекірейгенде –

Өзгелер кереге де, ол бір шаңырақ.

Тұрақты түйіні жоқ, түңілесің,

Қаншама отырса да сөзге замғап,

Біреулер ақыл айтса аңғармайды,

Онымен де қас болар іші қайнап,

Онан да жақсылармен тату болсай,

Отырсаң орынды ғой гүлдей жайнап.

Өлсең де, өтірік айтпа, ақырғы сөз:

Ер жігітке о да өлім – серттен таймақ.

«Жеті ғасыр жырлайды» кітабынан

Тақырыпқа сәйкес жаңалықтар »

Facebook желісінде »

Мұрағат »

Май 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Газет сатып алыңыз… »

«Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Ана тілі», «Экономика», «Уйғур авази» газеттері мен «Ақиқат», «Мысль» және «Үркер» журналдары Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында орналасқан «Kaz Рress» ЖШС-ның дүнгіршектерінде, көтерме дүкендерінде және ірі сауда орталықтарында сатылады. Аталған басылымдарды «Алты Алаш» және «Караван» дүңгіршіктерінен де сатып алуға болатындығын тағы да естеріңізге саламыз.

Серіктестер