Бүгін Үкімет отырысының қорытындылары жөнінде брифинг өтеді

551

Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет мүшелері Үкімет отырысының қорытындылары жөнінде брифинг өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы» ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндама жасайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері туралы»; «2011 – 2015-жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын орындаудың барысы туралы»; «Туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді шаралар туралы» тақырыптарында сөз сөйлемек.

Сонымен қатар, ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Роза КӘРІПЖАНОВА — «Жастар саясатын жүзеге асырудың барысы туралы» тақырыбында, ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев — «Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы» тақырыбында, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков — «Оңтүстік Кореяның Президентінің мемлекеттік сапарына дайындықтың барысы туралы» тақырыбында, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау — «Энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру мәселелері туралы. Шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері» тақырыбында, ҚР Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев — «Қылмыстық жолмен алынған табысты тазартуға жәнетерроризмді қаржыландыруға қарсы тұрудың халықаралық стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданған және қосымша шаралар туралы» тақырыбында журналистер алдында баяндама жасамақ.