«Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыстың бас жүлдесін астаналық ақын иеленді

227
Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына арналған «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Айтысты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы бірлесіп ұйымдастырған.

Айтыстың бас жүлдесі — КІА автокөлігін Еркебұлан Қайназаров жеңіп алды, ал 1-орынды павлодарлық Аспанбек Шұғатаев еншіледі. 2-орын жас ақын Мейірбек Сұлтанхан мен қытайлық қандасымыз Анаргүл Бәделханның қанжығасына байланды. Жыр додасында 3-орынды Мақсат Аханов пен Қарлығаш Әубәкірова иеленді.

айтыс