«Астана аруы – 2014» атағын 19 жастағы Әсия Әбисова жеңіп алды

482

«Астана аруы -2014» байқауының ақтық сыны өтіп, «Қазақстан аруы» байқауында елорда намысын қорғайтын 3 арудың есімі белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Астана аруы -2014» байқауының ақтық сынында 18 қыз бақ таластырды. Байқау төрт кезеңнен тұрды: таныстыру, белгілі қазақстандық дизайнердің ұлттық киімімен шығу, би және байқаудың бас демеушісі ұсынған кешкі көйлектердің көрсетілімі.

Сонымен, байқау қорытындысы бойынша «Астана аруы -2014» атағын 19 жастағы Әсия Әбисова жеңіп алды. Ол Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «экология» мамандығы бойынша білім алуда.

«Астана аруы – 2014» атағын 19 жастағы Әсия Әбисова жеңіп алды

«Астана аруы – 2014» атағын 19 жастағы Әсия Әбисова жеңіп алды

«Астана аруы – 2014» атағын 19 жастағы Әсия Әбисова жеңіп алды

«Сегіз жыл бұрын менің апам «Семей аруы» атағын жеңіп алған болатын, содан бері мен осындай атаққа ие болуды армандадым. Менің арманым орындалды. Әрине, оңай болған жоқ, біз бір айы бойы дайындалдық. Еңбегім зая кеткен жоқ, бүгін жеңіске жеттім», — деп қуанышымен бөлісті ару.

Ал бірінші вице-мисс атағына Әсел Мұсалдинова ие болса, екінші вице-мисс Мариаш Биғалиеваға және үшінші вице-мисс Айдана Құлшымановаға бұйырды.

Бас жүлде мен бірінші және екінші вице-мисс атағын жеңіп алған арулар елорда намысын «Қазақстан аруы» байқауында қорғайтын болады.