«Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр

472

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі арқылы қолжетімді баспана алу тетіктерінің барлық мүмкіндігі толықтай сақталды, деп хабарлады аталған банктің баспасөз қызметінен.

20140114152145Банк екі бағыт — «Жас отбасыларға арналған баспана» және «Халықтың барлық санатына арналған баспана» бойынша «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасын іске асыруды жалғастырады.

«Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында көзделген құрылыс көлемдері өзгеріссіз қалады.
Сонымен, 2015 жылы банк желісі бойынша «Барлық халық санатына арналған баспана» бағыты бойынша 326 мың шаршы метр үй пайдалануға беру жоспарланған.

«Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша — 213 мың шаршы метр берілмек. Елде 2020 жылға дейін барлығы 2 миллион 806 шаршы метр тұрғын үй салынады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы дербес жұмыс істемейтінін айтты. Бұл бағдарламамен бірге тағы төрт мемлекеттік бағдарлама құрамына кіргізілді. Оны Үкімет 2014 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен бекітті. Жаңа құжат өңірлер мен агломерацияны кешенді дамытуға арналған.

 

inform.kz