Азық-түлік тауарларының бағасы 8,7%-ға өсті

414

Снимок2015 жылғы қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 8,7%-ға өсті.

2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаларға 22,3%, қантқа – 17,7%, ұнға – 16,2%, жемістер мен көкөністерге – 13,1%, сүт өнімдеріне – 10,8%, кофе, шай және какаоға – 10,4%, балық және теңіз өнімдеріне – 9,6%, алкогольді ішімдіктерге, тоқаш және ұн өнімдеріне – 9%-дан, кондитерлік өнімдерге – 8,9%-ға, нанға – 8,4%, макарон өнімдеріне – 7%, май және тоң майға – 2,8%-ға өсті.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,1% құрады. Құс етіне баға деңгейі 17,1%, шұжық өнімдеріне – 11,7%, шошқа етіне – 7%, жылқы етіне – 2%, сиыр етіне – 0,8%-ға жоғары болды.

2015 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының орташа бағасы

baq.kz ақпараттық порталы