Наурыз нанымдары

140

72336221_nauruyz7Төрткөз сараяқ итті өлтіреді, моғал ошақ қазады, кетік аяқ, кетік шөмішті сындырады. Қыдыр түні Жұп шырақ жағады. Бұл келтірілген әртүрлі деректердің кейбірінің мәні түсінікті болғанымен, қайсыбірінің арғы мәні белгісіз. Мысалы, ұлы жазушы, халықтық дәстүрді терең білген М.Әуезовтің көрсетуінше, жұп шырақ жағу дегені оттай иеге арналған тілек. Кетік ыдыс-аяқты сындыру ескі күннен қалған қиындықтар мен бәле-жаладан арылу дегенді меңзейді.
Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалады? Наурыз тойланатын елдерде 362 әулиенің ішінде Ғайып Ерен, қырық шілтен, жеті әулие ерекше деп танылады, мұндағы жеті әулие абрар деп аталады. Наурыз көжедегі жеті дәмнің арғы мәнінде жеті әулиені пір тұту жатады, деп жорамалдауға болады.
Наурыз дастарқанына жасы үлкен қариялар «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын» деп нау­рыз батасын береді. Ұлыс күні әйелдердің Ұзынсарыға деп, сақтаған қысқы соғымның шекесі асылады, бүйендегі, қарындағы сарымайды бастайды. Ұзынсары деп, әдетте әйелдер «наурыз айындағы ұзарған күнді» айтады.
Ауқатты, бай адамдар ауыл-аймақты шақырып, Ұлыстың ұлы күніне арнап той өткізеді. Оны наурыздама деп атайды. Діни наным-сенім бойынша аруақтарға арнап құран оқытылады, жетін нан таратылады. Бұл күндері әр жерге үлкен от жағылып, отқа май құйылады.
Наурыз таңын қарсы алмаққа жиналған қыздар жағы уыз дәмді «Ұйқыашар» дайындайды. «Ұйқыашар» дайындап, өздеріне құрмет көрсеткен жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты әшекей бұйымдарды сыйға таратады. Ол жігіттің «жаман» ойын сезген сезімтал қыздар, әрине, «селк» ете қалады. Сондықтан да бұл сый «селт еткізер» деп аталады.

Наурыз көже

Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні молшылықтың жоралғысы ретінде әрбір шаңырақта міндетті түрде қазан толы наурыз көже әзірленеді. Дәстүр бойынша наурыз көже қыста арнайы сақталған соғым еті, оған бидай, тары, арпа дақылдары қосылады. Наурыз көже кем дегенде жеті дәмнен жасалады. Су, тұзды да дәмге қосады. Наурыз көже құрамы жеті түрлі дәмнен артық та болуы мүмкін. Бірақ дәм тақ сан түрінде болады. Өйткені наурыз «береке, бірлік» идеясын білдіреді де, тақ бөлінбейтін, сан деп ұғынылады. Қыстан қалған, наурызға деп қап түбінде сақталған соғым еті қыстың дәмі, деп ұғынылса, ал ең соңында наурыз көжеге қосылатын ағарған (айран, қатық, құрт) келер жаздың дәмі деп ұғынылады. Жасы үлкен ауыл, ел, әулет, әулет қарияларының кейбірінің аты Наурыз, Наурызбай болса, келіндер жағы эвфемизммен көпкөже, тілеукөже деп атайды.

«Этнографиялық категориялар,
атаулар мен ұғымдардың дәстүрлі 
жүйесі» кітабынан

Айгул 

Бетті дайындаған 

Айгүл Әмірбекова, 
А.Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институтының
аға ғылыми қызметкері, 
филология ғылымының кандидаты